ЖОО студенттері арасындағы Х олимпиада нәтижесі.

2018 жылдың 29-наурыз күні Петропавл қаласы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ҚР жоғары оқу орындарының студенттері арасында Х Республикалық олимпиада өтті. Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша «Оқ ату» байқауынан М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің студенті Тілес Нұрдаулет 3-орын алды. Командаға жетекшілік жасаған А.Қ.Бекбосунов алғыс хатпен марапатталды.