Жолдау-2018: білім-басты бағдар!

   20.02.2018 ж. күні «Дене тәрбиесі және спорт» факультеті 7-корпустың оқу залында 2018 жыл 10 қаңтардағы Президентіміз Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауын студент жастармен талқылау мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шара соңында  «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің деканы, п.ғ.д., профессор А.А.Жолдасбеков БАҚ-на интервью беріп, «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің аға тәлімгері Г.Малғайдарова баяндаманы жалғастырды.