Жоғары деңгейдегі семинар

Жуырда «Психология және дефектология» кафедрасының оқытушылары п.ғ.к. К.Джексенбаева және аға оқытушы Ж.Керімбекова «ҚР жоғары оқу орындарындағы инклюзивтік білім беруді психологиялық-педагогикалық қолдау» атты Респбуликалық ғылыми-тәжірибелік семинардың қатысушылары болды. Семинар ҚР жоғары оқу орындары үшін инклюзивтік білім беру бойынша Ресурстық консультативтік орталық пен превентивтік суицидология және мүмкіндігі шектеулі адамдардың «Жігер» жастар ұйымы (Алматы қаласы)» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен өткен болатын. Оқытушылар арнайы сертификаттарға ие болды.