Жетістіктер және жүлделер

  Кафедраның аға оқытушысы Әкімбаев Ахметжан Әбдіқадірұлы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ «Интербелсенді әдістерді қолдану шеберлігі» тақырыбындағы топтық жұмыс барысында белсенділік танытқаны үшін алғыс хат және сертификатпен марапатталған.


   Психология ғылымдарының кандидаты, доцент Шоманбаева А.О. «Психотерапия, тәжірибелік және кеңес беру психологиясы: бүгіні және заманауи даму тенденциялары» тақырыбындағы психологтар және көмек беруші мамандықтар мамандарының 1-ші Еуразиялық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, баяндама жасағаны үшін біліктілікті арттыру туралы куәлікпен марапатталған.

 

   Психология ғылымдарының кандидаты, доцент Шоманбаева А.О. Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінінің негізін қалаушы, профессор Б.С.Юнусов атындағы білім гранты байқауында студенттердің (магистранттардың) ғылыми зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасап, белсене атсалысқаны үшін алғыс хатпен марапатталған.