Жетістіктер және жүлделер

     2017 жылдың 4,5 сәуір күндері Қарағанды қаласында Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен «Бастапқы әскери дайындық» мамандығының студенттері арасында өткен 9-республикалық олемпиадасынан командалық 3-орын алғаны үшін студенттер Білім және ғылым министрінің және университет басшыларының грамотасымен марапатталды.

   

   Кафедра доценті А.Демеуов 2017-жылдың 11-қыркүйек айында Астана қаласында білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен болған «Болон үрдісі қатысушы мемлекеттері білім министрлерінің Ереван коммюникесі аясында ЖОО мен агенттіктер үшін перспективыалары мен мәселелері» халықаралық конференциясына қатысты.