«Жастарға жылулық».

      Ағымдағы жылдың 15-қыркүйек жұлдызында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің белсенді жастары «Жастарға жылулық» жәрмеңкесін ұйымдастырды.

 

     Жәрмеңке негізінде 17-қыркүйек күні «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің белсенді студенттері «Жастарға жылулық» атты бастамамен №2 балалар үйіне барып, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларға сыйлықтар табыстап, концерттік бағдарлама, эстафеталық жарыстар ұйымдастырды. Белсенді жастарға қаржылай қолдау көрсеткені үшін «Рахмет», «Махаббат», «Озюрт», «Евразия» дүкендеріне алғысымыз шексіз.