Жастардан жылулық!

2018 жылдың 13-қыркүйек жұлдызында М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 7-оқу ғимаратында "Дене тәрбиесі және спорт" факультеті және факультет белсенді студенттерінің ұйымдастыруымен "Жастардан жылулық" атты жәрмеңке өтті.

     

Жәрмеңке негізінде 15-қыркүйек күні «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің белсенді студенттері «Жастарға жылулық» атты бастамамен Ленгер қаласындағы №2 балалар үйіне барып, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларға сыйлықтар табыстап, концерттік бағдарлама, эстафеталық жарыстар ұйымдастырды.