«Жас психолог» үйрмесінің жұмысы

23 мамыр күні «Психология және дефектология» кафедрасында аға оқытушы, «Жас психолог» үйірмесінің жетекшісі Г.Айтжанованың ұйымдастыруымен «Психотехниканың қолданылуы» тақырыбында семинар-тренинг болып өтті. Іс-шараға «Психология және дефектология» кафедрасының меңгерушісі, пс.ғ.д., профессор Г.Лекерова, А.С.Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназиясының директоры Г.Абильдаева, кафедра оқытушылары мен 3 курс студенттері қатысты. «Жас психолог» үйірмесінің студенттері кейбір арттерапевтік техникаларды, психодрама техникасын, сонымен бірге консультативтік және психотерапевтік тәжірибелерінде қолданылатын психологиялық ассоциативтік карталармен жұмыс жасау принциптерін көрсетті. Студенттер қызықты тақырыптық презентацияларды дайындау барысында психодрама элементтерін көрсете отырып өздерінің жоғары деңгейлерін байқатты.