Жаңалықтар

18.11.2019 ж. NARТВ телеканалының «100 жаңа оқулық» бағдарламасында «Жалпы психология» кафедрасының магистр, аға оқытушы Д.Б.Бүркітбаева 6В03130 – «Психология» мамандығы студенттерімен бірге  «Рухани жаңғыру» аясында 2018 жылы Д.Щульс, С.Щульстың қазақшаға аударылған «Қазіргі психология тарихы» оқулығын талдады.

 

Факультет деңгейінде «Жалпы психология» кафедрасының  студенттері мен магистранттарының қатысуымен  ұстаздар мерекесіне орай 04.10.19 күні «Ұстаз еңбегі-рухани жаңғыру негізі» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

 

2019-2020 оқу жылында  «Жалпы психология» кафедрасына 6В03130 – «Психология» мамандығы бойынша36 студент қабылданды.Қазақ және орыс 2 топ ашылды: ФК-19-5к және ФК-19-5р.  Топта мемлекеттік грант негізінде 9 студент, ал ақылы негізді 28 студент білім алуда. Топтағы студенттер түрлі ұлт өкілдерінен құралған: қазақ, өзбек, тәжік .

 

2019-2020 оқу жылында  «Жалпы психология» кафедрасының 7М03130 – «Психология»мамандығына магистратура бойынша 8 магистрант қабылданды. Оның 6-ы мемлекеттік грант негізінде, 2-і ақылы негізде білім алуда.

   2017 жылы 26 желтоқсанда өткізілген «Прагматизм және болашақ ұстаздың жеке тұлғасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмыстарына қатысқаны үшін Қ.Е.Әуелова, А.М.Қалкоржаева, Ә.Қ.Бүркітас құрметті сертификаттармен марапатталған.

   Кафедра қызметкері Шоманбаева Альмираға «Coaching in education: from reforms to evolution» атты ғылыми және практикалық конференцияға белсенді қатысқаны үшін сертификатпен марапатталған.

   Сонымен қатар, Нұржігітов Асылбек Серікбаевичке өзіміздің ЖОО Ректоры атынан Ұстаздар күнімен құттықтап Алғыс хатпен марапатталды.