Жаңалықтар

«Үздік оқытушы» номинациясы

2017-2018 оқу жылы нәтижесі бойынша «Психология және дефектология» кафедрасының оқытушысы Сарипбекова А.Т. «М.Әуезов атындағы ОҚМУ- ң Үздік оқытушы» номинациясына ие болды.Әріптесімізді құттықтап отырып көптеген жеңістер тілейміз!

Академиялық ұтқырлық!

2017- жылдың көктемгі семестрінде ФК 14 - 2КС, ФК - 142К1  топтарының студенттері Досаева Дильбар, Жасия Азиза   Е.Букетов атындағы  ҚарМУ-да «Дефектология» мамандығы бойынша, ФК 15-2К2, ФК 16-3Р топтарының студенттері Қуаныш Акерке, Мейірбекқызы Динара, Ибрагимова Эльвира «Педагогика және  психология» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде оқып келді (Алматы қ.).

Рухани жанғыру

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау және көрсетілген бағыттары мен міндеттерді жүзеге асыру аясында «Психология және дефектология» кафедрасының меңгерушісі, пс.ғ.д., профессор Г.Ж.Лекерова және кафедраның аға тәлімгері Л.Ж.Бегалиева Шымкент қаласындағы № 25, 46, 57, 65, 85, 28 - мектептерде кездесу өткізіп оқушылармен сұхбат әңгімесін жүргізді.

Академиялық ұтқырлық

5В010500 - «Дефектология» мамандығы бойынша ФК-16-2Р тобының студенті Ламаева Фируза Ресейдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орны – Томск мемлекеттік университетін академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуын сәтті аяқтады. Бұл студенттердің тәжірибе алмасуы мен ой-өрістерін кеңейту үшін берілген тамаша мүмкіндік. Біз Фирузаға сәттілік тілейміз!

Инклюзивті білім беру

Қазан айының 25-26 - күндері Минск қаласында (Беларусь) «Психофизикалық ерекшеліктері бар тұлғаларға білім беру: дәстүрлер және инновациялар»  тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияға «Психология және дефектология» кафедрасының аға оқытушысы, психология магистрі Айтжанова Г.Т. қатысып, шетелдік әріптестеріне арт-терапия бойынша шеберлік сағатын  өткізді.