Жалпы психология

    
    
 
Кафедра меңгерушісі
    
Шалхарбекова Назерке Әбдірахманқызы​
    
PhD докторы, аға оқытушы

 

    
    

 

Мекен-жайы: М. Әуезов атындағы ОҚМУ, Байтұрсынов көшесі, н/ү, «Жалпы психология» кафедрасы, №222 кабинет
Телефон: +7 (7252) 21-34-50

    
Жалпы мәліметтер

        «Жалпы психология» кафедрасы 2007 жылы ашылған. Кафедра жалпы қызмет көрсетуші кафедра болып табылады. «Психология», «Психология және адам дамуы», «Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістік негізі», «Өзін-өзі тану» пәндері оқытылады.
        Кафедрада 22 ОПҚ жұмыс жасайды. Оның ішінде:2-ғылым докторлары, 2- PhD докторы, 4- ғылым кандидаттары, 9 – аға оқытушылар, 5 – оқытушы. ҚР Білім саласының ғылыми-педагогикалық қызметкерлері және жетекшілері республикалық біліктілікті арттыру институтында кафедраның ОПҚ біліктілікті арттыру курсынан өтті: Әуелова Қ.Е., Нұржігітов А.С., Абдраманова Н.Ш., Бүркітбаева Д.Б. Оқытушылар  Жандабаева И.С. және Қалходжаева А.М. Португалияда Лиссабон қаласы, «Isel» университетінде курстан өтті.
        Кафедрада 6М050300 «Психология» мамандығы бойынша магистранттар даярланады. Егер Сіз психологияға қызықсаңыз, Сізге М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Жалпы психология» кафедрасына 6М050300 – Психология мамандығына магистратураға түсу қажет. Бізде жетекші психология ғылымының докторлары және кандидаттары сабақ береді. Біздің ЖОО психологияны оқытудың негізгі ерекщеліктері теориялық білім мен практикалық дағдының тығыз байланысуында. Біздің ЖОО бітірген психолог тек қана теориялық білім алумен шектелмейді, сонымен қатар психологиялық кеңестер, психологиялық тренингтер, адам өмірің түрлі салаларында психотерапевтикалық көмек көрсетуге, психологиялық диагностика және түзету жұмыстарын жүргізуге дайын болады.
        Магистранттар Ресей, Германия және басқа да шет елдердің ЖОО жыл сайын шетелдік тағлымдамадан өтеді.

«Жалпы психология» кафедрасының ұжымы

 

Шет елдерде біліктілікті арттыру. Португалия( Лиссабон) ISEL университеті

    

«Жалпы психология» кафедрасында ресейлік және германдық профессорлардың дәріс оқуы

  

Кафедраның магистранттарының шетелдік тағылымдамада. Балыкесір Университеті. Балыкесір қаласы