Жалпы мәліметтер

Кафедра оқытушылары «Дене шынықтыру» тәжірибелік сабағын  «Педагогика және мәдениет», «Филолгия» факультеттері, «Жаратылыстану-ғылыми педагогикалық» Жоғары мектепке  1,2,3 курс студенттерне жүргізеді. Қазіргі уақытта кафедрада 12 оқытушы жұмыс атқарады.       Кафедра ұжымы салауатты өмір салтын насихаттауда табысты еңбек атқаруда. «Гуманитарлық және педагогикалық мамандықтарға арналған дене тәрбиесі» кафедрасы жалпы білім беру кафедрасы, сондықтан, тәрбие жұмысы спорт-бұқаралық шараларды студенттер және ПОҚ арасында ұйымдастыру және жүргізу болып табылады. Сонымен қатар, студенттерді кафедра спорт ғимараты кешендерінің жөндеу, қалыпқа келтіру жұмыстарына баули отыра, олармен саяси қоғамдық жеке әңгіме, эстетикалық тәртіп, жалпы жеке тұлға дамуы және спорт құралдарына жауапкершілікпен қарауды тәрбиелейміз. Оқу бағдарламасының өзгеруіне байланысты кафедра оқытушылары кредиттік технологиялық білім беру  жүйесіне қарай жаңа  оқу бағдарламасы түзілді. Студенттер өз қалаулары бойынша таңдаған спорт түрімен баскетбол (ерлер,қыздар), волейбол (ерлер, қыздар), футболдан сабақ өтіледі. Бұл әдіс оқу процессінің сапа деңгейін жоғарылатуда.
•студенттер өздерінің дене шынықтыру сабақтары арқылы бір бағдарлама бойынша барлық мүмкіндігін пайдаланып, жан-жақты дене дайындығы деңгейін көтеруі;
•студенттердің бір спорттүріне әуестігінжәне сабаққа қатысушылығын арттырады.
Студенттерді  осы бағдарлама түрінде оқыту мақсатында,  оқытушылардың бекітілген әдістемелік     жұмыстары бойынша сабақтар өткізіледі:
Оқу базасының барлығы қазіргі талаптарға  сай. Сабақты жоғары дәрежеде өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Спорт алаңы және футбол стадионы, спорт залы, шомылу бөлмелері, киім ауытыру бөлмелері, дәретхана т.б.
Стадион:
- айналып жүгіру жолы 4х400м
- спорт залы – 18х36м;
Кафедрада оқу    жүйесінің кестесі құрылып,  бұған студенттердің тәжірибелік қызметі кіргізіліп, жеке баға беру жүйесімен бағаланады:  Бұл жүйеге Купер байқауы, Президенттік байқаулар, жалпы денсаулық дайындық шамалары, волейбол, баскетбол ойынының амал-айлалары, Жеңіл атлетиканың шамалары, Атлетикалық гимнастиканың жалпы дене шынықтыру жаттығуларымен  жаттығатын студенттер үшін арналған шамалары кіреді.