Жалпы мәліметтер

   М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Жалпы психология» кафедрасы білікті педагогикалық құраммен, осы заманға лайықты оқу базасымен және білімді жоғары дәрежеде беретін республиканың оңтүстік аймағындағы оқу - ғылыми бөлімшесі болып табылады.

   Кафедрада: 6М050300 – Психология мамандығы мамандығы бойынша магистранттарды дайындау жүргізіледі.

    Оқу халықаралық стандарттармен және Қазақстан Республикасының экономикалық шарттарына бейімделген оқу бағдарламалардың негізінде жүргізіледі. Білім беру процесінде инновациялық формалардың белсенді және интерактивтік әдістері қолданылады.

   Сабақты ғылыми дәрежелері және атағы бар оқытушылар  жүргізеді. Мамандықты меңгерумен қатар, студенттер тиянақты лингвистикалық дайындықты меңгереді.Терең компьютерлік білім мен оқытудың арқасында студенттер интернетте еркін жұмыс істей алады.