Жалпы мәліметтер

   "Спорттық пәндер және  жекпе-жектер" кафедрасы  М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің шешімімен екі кафедраның "Спорттық күрес және қолданбалы спорт түрлері" және "Бокс және ұлттық спорт түрлері" кафедрасының бірігуімен қайта құрылды.    

   5В010800 – «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша бітірушілерге «Дене тәрбиесі және спорт бакалавры» квалификациясын беріледі.         

   Кафедрада күрес түрлерінен (грек-рим және еркін күрес, самбо, қазақша күрес, дзю-до), бокстан, спорт ойындарынан (футбол, баскетбол, гандбол, волейбол, гимнастика), жүзуден, жеңіл және ауыр атлетикадан, шығыс жекпе-жектерінен және ұлттық спорт түрлерінен мамандар дайындайды. Кафедрада  оқу-жаттықтыру бойынша:  2 – күрес залы, 1 –бокс залы, 1-штангы залы, 1-ойын залы, 1-жеңілатлетикалық манеж, 1-жүзу бассейні, стадион бар.

   Кафедра 2013-2014 оқу жылының нәтижесі бойынша « М.Әуезов атындағы ОҚМУ үздік кафедрасы» наминациясының  жеңімпазы болып  куәлікпен мараппатталды

   Кафедрада осы оқу жылында 14 оқытушы, 2 лаборант қызмет атқарады.

   2017-2018 оқу жылында «Спорттық пәндер және жекпе-жектер» кафедрасының оқытушылар құрамында 3 - педагогика ғылымының кандидаты және 1-профессор, 1-доцент,  сондай-ақ кафедрада халықаралық дәрежедегі төрешілер, ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушылар, спорт шеберлері студенттерге дәріс береді.