Жалпы мәліметтер

Дене тәрбиесі және спорт саласында кәсіби маман даярлауда көпжылдық ғылыми және оқытушылық тәжірибесі бар жоғары дәрежелі оқытушылар, ғылым кандидаттары, доценттер жұмыс істейді. Олар доценттер: Тлеулов Э.Д.,  Исаев Е.Б., Жолдасбекова Б.А.  және т.б.      
Кафедрадағы оқу процестерін ұйымдастыру жұмыстары ҚР  ЖМББС және т.б. нормативтік құжаттарға сай. Кафедрада  замануи инновациялық педагогикалық технологиялар енгізілген. Олар презентациялар, тесттер, глоссарийлер. Кафедра оқытушылары оқу процесінде пән бойынша студенттердің танымдық белсенділіктерін арттыру құралдарын, дәріс сабақтарында бейнематериалдарды, бейнежазуларды кеңінен қолданады.          
Кафедра студенттері қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамассыз етілген.
Кафедрада студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында СӨЖ, бақылау, басқару және жоспарлауға арналған, курстық және дипломдық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар жасалған.            
Кафедрадағы  СӨЖ, ОСӨЖ-ді ұйымдастыру оқылатын пәндердің бағдарламасына сәйкес.
Кафедрада барлық мамандықтар бойынша дәріс топтамалары және конспектілер бар.  
Кафедраның базалық пәндеріндегі дәріс сабақтарының мазмұнына спорт ілімінің жаңа жетістіктері, ҚР Спорт туралы Заңы, Президент сынамалары,  ҚР Үкіметінің кешенді бағдарламалары енгізілген.
Кафедра студенттерінің оқу үлгерімін бақылауды ұйымдастыру жұмыстары  студенттерді аттестаттау ережесіне сай.  Оқу пәндері бойынша емтихан тест түрінде, ауызша және жазбаша түрде жүргізіледі.       
Мемлекетаралық бақылау  нәтижесі студенттердің білім деңгейінің сапасы маман даярлау сапасына сай екендігін көрсетті. Кафедрада төмендегі өзекті мәселелер бойынша әдістемелік семинар жұмыс істейді: «Мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі», «Кәсіби-қолданбалы дене дайындығының заманауи мәселелері», «Әр түрлі жастағы тұрғындардың қимыл белсенділігінің күн тәртібі».
Мамандарды дайындаудың мақсаты мен міндеті педагогикалық іс-тәжірибені өткізу және ұйымдастыру талаптарына сай. Кафедрада оқу-ғылыми өндірістік кешендерімен (УНПК) жасалған келісім-щарттар,  студенттерге іс-тәжірибеде берілген тапсырмаларды орындаудың бағдарламалары мен әдістемелік нұсқаулары бар. Педагогикалық іс-тәжірибе біткеннен соң іс-тәжірибенің қорытындысы бойынша студенттер дифференциалдық сынақ тапсырады. Өзекті мәселелер бойынша студенттерге шолу дәрісін өткізеді.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Бастапқы әскери дайындық» кафедрасы білікті педагогикалық құраммен, осы заманға лайықты оқу базасымен және білімді жоғары дәрежеде беретін республиканың оңтүстік аймағындағы жалғыз ұқсас профильдік оқу - ғылыми бөлімшесі болып табылады.

Кафедрада: 5В010400 «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша бакалаврларды дайындау жүргізіледі.

Оқу халықаралық стандарттармен және Қазақстан Республикасының экономикалық шарттарына бейімделген оқу бағдарламалардың негізінде жүргізіледі.Білім беру процесінде инновациялық формалардың белсенді және интерактивтік әдістері қолданылады.