XXVIII Әлемдік жаздық Универсиадада М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттері бір алтын, бес қола медалін жеңіп алды.

Оңтүстік-Корея мемлекетінің Кванджоу қаласында өтілген XXVIII әлемдік жаздық Универсиадада  21 спорт түрінен 272 медаль топтамасы ойнатылып, жарыс өз мәресіне жетті. Қазақстандық спортшылардың қоржынына алты алтын, төрт қола жүлделері түсіп, жалпы командалық көрсеткіште он бірінші орынға тұрақталды.

Бұл оқиға Қазақстанның жаздық Универсиадаға қатысу тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Алдыңғы үздік көрсеткіштер біздің студенттер қатысқан 2007ж Бангкок қаласында өткен Универсиадада орын алған еді. Ол жарыста Қазақстандықтар 5 алтын жүлде алып, жалпы командалық көрсеткіште 11-орынға ие болды.

XXVIII Әлемдік жаздық Универсиадада Қазақстан құрамасының қоржынына бірінші алтын медальді  Азиада-2014-ң үш дүркін чемпионы, жүзуші, аль-Фараби ат. ҚазҰУ-ің дене тәрбиесі және спорт кафедрасының студенті  Дмитрий Баландин салды. Ол 100м қашықтықта жүзден жүйрік шығып, ал 50м қашықтықта қола жүлдеге ие болды. Дмитрий өзінің жетістігі арқылы тек Азия емес, сондай-ақ әлемнің үздік жүзушілердің бірі екенін дәлелдеді.  Ойындардың үш дүркін жеңімпазы ретінде ҚазҰУ студенті 100м  және 200м қашықтықта бірінші болып және 100м эстафетада төртінші болған, жүгіруші Виктория Зябкина. Викториямен бірге сондай-ақ Юлия Рахманова, Светлана Иванчукова және Анастасия Тулапина өз өнерлерін көрсетті(Қазақ спорт және туризм академиясы). Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті таеквондист Нурсултан Мамаев 58кг салмақ дәрежесіндегі спортшылырдың арасындағы ең үздігі болып табылды. Кезекті алтын медальді жеңіл атлетикадан ҚазҰУ-ң физика-техникалық факультетінің студенті, 5,5м қашықтықтан бір мүмкіндіктен секіріп, өзінің үздік екенін дәлелдеген Никита Филиппов болды.

Жанар Кашкын Универсиаданың бірінші күнінде 70кг салмақ дәрежесі арасындағы үшінші жүлделі орынды иеленген дзюдоист болып, ал көздеп ату ойыны бойынша қазақстандық шеберлердің қалтасына екі «қола» жүлдесі салынды.  Скит бойынша қыздар қомандалық турнирінде Асем Орынбай (КазАСТ), Ангелина Мищук және Жания Айдарханова (ОҚМУ) үшінші болыпосы дисциплина бойынша ерлер арасындағы жарыста Андрей Фролов, Владимир Почивалов жәнеАлександр Ещенко (ОҚМУ) жетістікке жетті.