VII Республикалық «Ғылым шарайнасы» атты студенттердің ғылыми жұмыстар сайысы

Биологияны оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасының магистранттары «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығы (Астана каласы) ұйымдастырған VII Республикалық «Ғылым шарайнасы» атты студенттердің ғылыми жұмыстар сайысына қатысты. Сайыс нәтижесінде «Үздік мақала» номинациясы бойынша I жүлделі орынға кафедра магистранттары Асанова М., Сыдықова Ж., Телемисова А. «Социальные основы формирования здорового образа жизни студентов» атты жұмысы үшін, Қасымбекова А., Қыдыралиева М. «Биология пәнінен инновациялық технология құралдарын кіріктіру» атты жұмысы үшін III жүлделі орынға ие болып, дипломдармен марапатталды. Магистранттардың ғылыми жетекшісі, профессор Калкабаева С.А. магистранттары «жоғары жетістікке қол жеткізіп, жүлдегер атанғаны үшін» дипломмен марапатталды.