Университет музейіне саяхат

Қыркүйек айының 14-15 күндері «Психология және дефектология» кафедрасы тәлімгерлерінің ұйымдастыруымен «Психология және педагогика», «Дефектология» мамандықтарының 1 курс студенттері университет музейіне барып экспозиция залдарымен танысты. Экскурсияның мәдени-танымдық және тәрбиелік маңызы үлкен болды.