Іс-тәжірибе қорытындысы бойынша конференциясы

«Психология и дефектология» кафедрасында «Психология және педагогика» және «Дефектология» мамандықтарының 2-3 курс студенттерінің психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибе қорытындысы бойынша ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Іс-тәжірибе базалары Шымкент қаласының алдыңғы қатарлы мектептері - № 1 ЖОМ, № 2 ЖОМ, қосалқы мектеп-интернат, есту қабілеті нашар балаларға арналған № 2 мектеп, көру қабілеті нашар балаларға арналған «Үміт» мектебі, білім беру орталықтары, сонымен бірге №6506 және №6698 әскери бөлімдері болды. Конференция кезінде студенттер іс-тәжірибе барысында жүргізген мазмұнды бейнероликтерді назарға ұсынды, әдістемелік еңбектерін қорғады, орындардағы психологтар мен дефектологтардың қызметі туралы кафедра оқытушыларымен өз әсерлерімен бөлісті.