«Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған» педагогикалық іс-тәжірибе конферанциясы

Ел президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050” стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауында білім және кәсіби машық-заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағыттарын жүзеге асыру  мен жандандыру мақсатында «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған» тақырыбында 02.03.2016 күні конференция өткізілді.

Конференция «Дене тәрбиесі және спорт» факультетіне қарасты «Дене тәрбиесі, спорт ілімі мен әдістемесі» кафедрасының басшылығымен 5В010800-«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы 3 курс ФК-13-1к1,2,3, ФК-13-1р топтарында педагогикалық іс-тәжірибе қорытынды конференциясы көлемінде өткізілді.

Іс-тәжірибе өту базалары 10 желтоқсан 2016.  № 6 -259 с бұйрығына сайкес № 47 Т.Тәжібаев атындағы гимназия мектебі., № 77 А.Асқаров атындағы мектеп-лицейі, № 1 А.С.Пушкин атындағы мектеп-гимназиясы және № 87 Жалпы орта мектептерде өтті.

Оқыту жүйесінде педагогикалық іс-тәжірибе мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес ұйымдастырылып, жүргізілді. Болашақ педагог мамандарды дайындау мәселесін түбегейлі жетілдіру мақсатында студенттерімізді қоғамдық және мемлекеттік өмірдің әртүрлі саласындағы яғни ғылым мен мәдениет саласындағы белсенді қызметке қабілетті сапалы маман даярлау. Қорытынды конференция мәжілісіне АМЖД директор орынбасары М.М.Нарманов, факультет кураторы Абшенов Х.А және ОҒӨК бөлімінің жетекшісі С.Р.Ермеков және ДТ  факультет деканы п.ғ.докторы, профессор А.А.Жолдасбеков., № 87 жалпы орта мектеп дене тәрбиесі мұғалімі К.А.Құрманбай және факультет оқытушылары мен кафедра оқытушылары қатысты. Конференцияға басшылық жасаушы кафедра мең, п.ғ.к., доцент А.Т.Балабеков және кафедра іс-тәжірибе жауапты магистр., аға оқытушы Ж.Ш.Есмаханова. 

“Дене тәрбиесі, спорт ілімі мен әдістемесі “ кафедрасының қызметі

1.

Теориялық білімдерін тереңдету

1. “Дене тәрбиесі, спорт ілімі мен әдістемесі”

2.  Анатомия, спорттық морфологияның негіздері

3.  Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық  негіздері

4. Балалар мен жасөспірімдер спорт негізі

5. Спорт сооружения және тринажерлар

6. Таңдап алынған спорт түрлерінің жасерекшелік негізінің дайындығы

  7. Спорт негізі және қолданбалы дайындық

2.

Іс-тәжірибеде жеке тұлғалық ұстанымдарын қалыптастыру

-  оқушы алдында өзін еркін, ұстамды, байсалды ұстау;

-  бұйрық беру дауыс ырғағын қалыптастыру;

-  жаттығу орындату іс-әрекетінде көрсету мен сөз   қолдану әдістерін кең қолдану;

-  ойын өткізу, ұйымдастыру және басқару жүйесі әдіс - тәсілдерін терең  меңгерту.

3.

Оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау, жүргізу, басқару іс әрекеттеріне баулу

Оқу - әдістемелік жұмыстар қосымшасы

а) Жылдық  жоспар (1 жыл)

ә) Тақырыптық - тоқсандық жоспар  (3 тоқсан)

б) Күнделікті сабақ жазба жоспары  (3  дана)

Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру қосымшасы

а) Тәрбие жоспар

ә) Тәрбие сағаты

б) Сынып ұжымына мінездеме (оқу тәртібі жақсы және төмен  оқышыға мінездеме)

Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу. Педагогикалық іс-тәжірибе барысында студенттер кафедра тарапынан бекітілген ғылыми-зерттеу тақырыптар төңірегінде жұмыс атқарады.

Жеке тапсырма мен ғылыми – зерттеу жұмысы тапсырмаларын орындау барысында олардың жүйелі түрде атқарылуын  қадағалау топ жетекшілеріне тапсырылады. Мұнда атқарылатын жеке жұмыстар мазмұны жоспарланып, бекітіледі және студент жұмыс мазмұны бойынша жасалған кестеге сәйкес кафедраға есеп беріп отырды. Жеке жұмыстарды орындаған студенттер кафедрада жұмыстарын баяндама жасап, қорғап, тіркеу іс-шараларын өткізеді. Жалпы жеке тапсырма мен ғылыми – зерттеу жұмысы белгілі тақырыптың теориялық және тәжірибелік мазмұнын ашу мен қатар кіріспеге сай зерттеудің өзектілігі, зерттеудің мақсаты, зерттеудің міндеті, зерттеудің пәні, зерттеудің объектісі нақты көрсетілуі қажет.

Конференция соңында іс-тәжірбеден өтуші 13-1к1 С.Арапбай., С.Сәден.,  ФК-13-1к2 Ә.Алтынбаев., ФК-13-1к3 топ студенті Г.Акжол., М.Ержан., ФК-алғыс хаттармен марапатталды.

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы студенттерінің педагогикалық іс-тәжірибеде оқыту мен тәжірибесін арттыруға үлес қосқаны үшін № 87 Жалпы орта мектеп дене тәрбиесі мұғалімі К.А.Құрманбай факультет тарапынан алғыс хаттармен марапатталды. 

Студенттерімізге болашақта сәттілік тілей отырып, бүгінгі күн дене тәрбиесі мен спорт саласын дамытып, ҚР салауаттылыған көтеру мақсатталды.