Тәрбие жұмысы

   Дене шынықтыру сабақтары барысында студенттердің тәрбие жұмысы жағымды әңгіме, эстетикалық және қоғамдық саяси тәрбиеге, салауатты өмір салтын насихаттауға, спорт секцияларына қатысуға бағытталған.

   Тәрбие жұмыстары бойынша кафедрада студенттермен түрлі мерекелерге байланысты ашық тәрбие сағаттары өткізіледі. Студенттеріміздің бойында адамгершілік, жанашырлық, отансүйгіштік сезімдерді қалыптастыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Әр оқу жылында Наурыз мейрамында іс-шаралар ұйымдастырылды.  Жаңа оқу жылдығында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды және ашық тәрбие сағаты өттіледі.

   Оқу жылының басында факультеттің тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес етіліп,   кафедралық тәрбие жұмысының жоспары жасалынады. Жоспар бойынша іс-шаралар өткізіліп, хаттамалар жазылады. Тәлімгерлік сағаттың өткізілу мерзімі бекітіліп, кесте бойынша барлық тәлімгерлер тәлімгерлік сағатын өткізеді. Барлық топ студенттеріне сабақтан тыс уақытта спорттық үйірмелер ұйымдастырылып, қадағаланып отырылады. Топ студенттері ҚР-ның конституциясы мен «Білім туралы» заңмен таныстырылады.  Тәрбие жұмысы бойынша өткізілетін іс-шаралар, оның ішінде: қоғамдық-саяси және құқықтық іс-шаралар,  интернационалдық  және патриоттық тәрбие, діни экстремизм мен халықаралық терроризмнің алдын алу іс-шаралары, адамгершілік мәдени және эстетикалық тәрбие, ғылыми зерттеу және шығармашылық іс-шаралары, жатақханадағы іс-шаралар, студенттерді спорттық бұқаралық түрлеріне тарту және салауатты өмір салтын насихаттау іс-шаралары, студенттерге кәсіби тәрбие беру іс-шаралары, жетім, жартылай жетім, жағдайы төмен және көп балалы отбасы мүшелері студенттерге қайырымдылық көмегін көрсету іс-шаралары.