Тәрбие жұмысы

  «Бастапқы әскери дайындық» кафедрасында «Патриот» үйірмесі жұмыс жасайды, үйірме жетекшісі – аға оқытушы, магистр Елубаев С.И.  Үйірме құрамында 20 мүше бар. Үйірме әскери-патриоттық тәрбие бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Үйірмеде рефераттар, студенттік баяндамалар жазу үшін оқу-әдістемелік әдебиеттерді таңдап алуға көмек беру мәселелері қарастырылады; конференциялар, байқаулар, семинарлар және басқа да ғылыми-танымдық мазмұндағы іс-шаралар туралы ақпараттар беріледі. Аға оқытушы Бекбосунов А.Қ. «Болашақ АӘД оқытушыларына патриоттық құндылықтардың құруы» тақырыбы бойынша докторлық диссертация бойынша жұмыс істеуде.

   Жыл сайын кафедрада студенттік мәслихаттар, әскери - спорттық жарыстар , іскер тематикалық ойындар, дөңгелек үстелдер өткізіледі.

   Мамандық оқу барысында студенттер әскери-далалық жиындарға «Ақтас» полигонында орналасқан әскери бөлімінде және сонымен қатар облыстың тарихи, табиғи орындарына турлар іске асырылады.

   Студенттерге ҰОС және Ауғанстан соғысының ардагерлерімен кездесулер, әскери - спорттық шаралар ұйымдастырылады.

   Студенттер факультет және университеттің ғылыми семинарларына, семинар-тренингілеріне белсенді қатысады.