«Сұңқар» командасын кезекті жеңістерімен шын жүректен құттықтаймын!

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың футбол командасы «Сұңқар» мен оның жаттықтырушыларын Қазақстанның Ұлттық студенттік лигасының екінші кезеңінде мини-футболдан бәсеке кезінде кезекті жеңістерімен шын жүректен құттықтаймын!

Біздің команда тартысты ойында ұлттық студенттік лиганың мықты командаларының бірі Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Арлан командасын» 2:1 есебімен жеңді. Біздің спортшыларымыз өздерінің кәсіби шеберлігін, жеңіске деген сенімдерін тағы да бір дәлелдеді. Әсіресе, Қасқырбаев Еркебұлан мен Төлебек Марданның тартысты ойын кезінде асқан шеберліктерінің арқасында салған доптарының нәтижесінде біз керемет жеңіске жеттік.

«Сұңқардың» бұл жетістіктері біздің университеттің еліміздің ЖОО-ларының ішінде ең үздіктерінің бірі екендігі ретінде мәртебесін қалыптастыруға  және көтеруге қосқан үлкен үлестері болып табылады.

Біз «Сұңқар» командасына  ұлттық студенттік лигада және үлкен спорттық бәсекелерде жеңістерден көріне берулеріне тілектеспіз.

Ізгі ниетпен  Жұмахан Үшкемпірұлы.