Спартакиада нәтижесі.

"Дене тәрбиесі және спорт" факультетіне қарасты "Экономикалық, заң және аграрлық мамандықтар үшін дене тәрбиесі" кафедрасының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 75 жылдық мерей тойына орай "1-курс студенттері арасында факультетаралық спартакиадасы" өтті. Спартакиада спорттың 11 түрінен өтті.

1- Футбол.

2- Баскетбол ұлдар арасында.

3- Баскетбол қыздар арасында.

4- Волейбол ұлдар арасында.

5- Волейбол қыздар арасында.

6- Шахмат.

7- Тоғызқұмалақ.

8- Қол күрес.

9- Стол теннисі.

10- Президенттік сынама.

11- Суға жүзу.

12 факультет және ОҚМУ колледжі студенттерінен құралған командалар спорттың барлық түрінен спартакиадада белсенді түрде қатысты. Спартакиада 8-12 қазан аралығында өткізілді. Нәтижесінде әр спорт түрлері бойынша жеңімпаз командалар марапатталды. Жалпыкомандалық марапаттауға келесі факультеттер ие болды:

1-орын - "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультеті.

2-орын - ОҚМУ колледжі

3-орын - "Ауылшаруашылық ғылымдары жоғары мектебі"

Жеңімпаз командаларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.