Соғыс ардагерімен кездесу

Ұлы Жеңістің 71 жылдығына байланысты жастардың бойында отансүйгіштік тәрбиені қалыптастыру мен өз отанының тарихын құрметтеу мақсатында «Психология және дефектология» кафедрасының оқытушысы, ФК-14-3к2 тобының тәлімгері А.Сарипбекованың ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының ардагері Алтыбай Бабаевпен кездесу болды. Осы жылы 92 жасқа келген ардагер студенттерге соғыстың ауыр да қиын жылдарында 1942 жылы жас жауынгер ретінде Смоленск облысының батыс майданының шебіне жіберілгені, Курск шайқасына қатысып орталық майданда болғаны туралы әңгімеледі. Екі рет жарақаттанған. Соғыстан кейін Алтыбай ата Айша апаймен отбасын құрады, қала мен облыс өңіріндегі тамақ өнеркәсібінде еңбек етті. Студенттер ардагер атаның кителінде тұрған әрбір медаль мен ордендер тарихын тыңдауға мүмкіндік алды. Алтыбай ата Шымкент қаласының құрметті азаматы. Ол біздің қаланың алғашқы тұрғындарының қатарында Абай атындағы саябаққа тал ағашын отырғызған екен. Өзінің жастық шағын соғыс пен соғыстан кейінгі жылдарға қалдырса да бүгінгі күнге дейін ол кісі жылы жүзді кейпінде.