Шымкенттік спорт шебері Жанбота Алдабергенова Еуропа елдері бойынша үздік атанды.

Швейцарияның Айроло қаласында шаңғы фристайлы бойынша Еуропа кубогы аяқталды. Біздің жерлесіміз, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің 2-курс студенті Жанбота Алдабергенова бірінші орынды иелеп Еуропа бойынша үздік екенін ьағы бір рет дәлелдеді.

Ескере өткен жөн, өткен жылдың желтоқсан айында Финляндияда өткен Еуропа кубогында ол екі жүлделі орынды иеледі, осы жылдың қаңтар айында Минскте Еуропаның екі дүркін чемпионы атанды. Мемлекетіміз тарихында алғаш рет шаңғы акробатикасы бойынша әлем Кубогында Жанбота күміс жүлдеге ие болды. Осы жетістіктермен, Жанбота Еуропада фристайл бойынша ең үздік спортшы деп танылды.

Спортшының шымкенттік жанкүйерлері жетістіктерінің құпиясы оның Еуропа кубогында шыққан нөмірінде деп есептейді. «13» - облыс нөмірі, табысты сан, кейбіреулердің айтуынша бақытсыз сан емес.

«Бұл 8-наурызға ең жақсы сыйлық»- дейді спортшы. Жеңіс құтты болсын Жанбота!!!