«Сенім» тобы №7 Республикалық пәндік олимпиададан жүлделі екінші орын алды.

26.03-28.03.2015ж уақыт аралығында Алматы қаласында ӘЛ ФАРАБИ атындағы Қазақ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 5В010300- «Педагогика және психология» мамандығы бойынша №7 Республикалық пәндік олимпиада өтті. «Психология және дефектология» кафедрасынан «Сенім» тобы қатысып, жүлделі екінші орынды иеленіп, арнайы дипломмен  және сертификаттармен марапатталды.

Топ жетекшісі Г.Т.Айтжанова  студенттерді зияткерлік байқауға дайындағаны үшін және белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен және сертификатпен марапатталды.

ФК12-3к3 тобы Сапарбай Асел Албекқызы  ІІІ дәрежелі димломмен, ФК12-3к1 тобы Тастемір С., Ертаев К., ФК13-3к3 тобы Мамет А «Сенім тобының» мүшелері «Шығармашылығы үшін» және «Топ үздігі» мақтау қағаздарымен марапатталды.

5В010500 - «Дефектология» мамандығы бойынша өтетін Қарағанды қаласына Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университіне ҮІІ  Республикалық пәнаралық олимпиадасына жол тартқан «ЗИЯТКЕР, ДРЕАМХАЙ» топтарына  сәттілік тілейміз.