Сапалы білім беру

«Казахстанская правда» газетінің шілде айындағы (2016 жыл) басылымында НКАОКО-2016 нәтижелері жарияланды. Бұл жерде бакалавриат-магистратура-докторантураның білімдік бағдарламасын ранжирлаудағы көшбасшылары, сонымен бірге Топ-50 ҚР ЖОО үздік оқытушылары және мамандарды даярлаудың бағыттары бойынша бас рейтингі көрсетілген. Білім беру бағдарламасының сапасы бойынша пс.ғ.д., профессор Г.Лекерованың меңгерушілігіндегі «Психология және дефектология» кафедрасының 5В010500 – «Дефектология» мамандығы бірінші орын, «Психология және дефектология» мамандығы екінші орынға ие болды. Рейтинг нәтижелері аталған мамандықтар бойынша білім беру бағдарламасының жоғары деңгейін көрсетті. Біз кафедра оқытушыларын, студенттерді, ата-аналарды осындай жарқын жеңіспен құттықтай отырып білім беру бағдарламасының сапасын жоғарлатудағы міндеттерді шешуде әрі қарай да табыстарға жете беруге тілектестік білдіреміз!