Рысбекова Сарсенкуль 1-орын алды!

22-қыркүйек 2018 жыл Астана қаласында "International youth cup" атты жасөспірімдер арасындағы халықаралық кубогі өтті. Кубокта спорттың стендтік ату түрі бойынша 15 мемлекеттен 70 спорт шеберлері қатысты. Солардың арасында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-і, "Дене тәрбиесі және спорт" факультетінің студенті Рысбекова Сарсенкуль 1-орын алып, алтын медальмен оралды.

Жеңіс құтты болсын, Сарсенкуль!

Ескере кетейік, осы жылдың 1-тамыз күні Италияның Тодди қаласында әйелдер арасында өткен  халықаралық чемпионатта Рысбекова Сарсенкуль 2-орын алып, факультетіміздің намысын қорғаған болатын.