"Рухани жаңғыру бағдарламасына - 2 жыл".

"Рухани жаңғыру бағдарламасына - 2 жыл" атты лекция М.Әуезов атындағы ОҚМУ, "Дене тәрбиесі және спорт" факультетінің оқу залында Түркістан облысының қоғам қайраткерлерін шақыра отырып оқылды.

Лекцияда белсенділік танытқан, студенттермен рухани жаңғыру бойынша ой бөлісіп, пікір алмасқан тұлғалар: "Дене тәрбиесі және спорт" факультетінің деканы, профессор А.А.Жолдасбеков, "Психология және дефектология" кафедрасының доценті Р.Үсембаева, "Қамар" қайырымдылық қорының директоры М. Оспанов, Республикалық қайырымдылық мекемелері директорлар кеңесінің төрағасы Е.Амангелді, университетіміздің Рухани жаңғыру бөлімінің бас маманы Айгул Аманқызы болды.