Республикалық пән олимпиадасында «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің «Психология және дефектология» мамандығы 2-орынды иеленді!

     29-31 наурыз күндері Алматы қаласында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Республикалық психологиялық олимпиада өтті. Қазақстанның 17 қаласынан келген жоғары оқу орындарының командалары арасында тартыстар болды. Команда жетекшісі кафедраның аға оқытушысы Г.Айтжанова. ОҚМУ студенттері олимпиада барысында өздерінің теориялық білімдерінің жоғары деңгейін, тәжірибелік машықтары мен шығармашылық идеяларын көрсете білді. Студенттерді 2-орын алуымен құттықтай отырып, алдағы уақытта тек жарқын жеңістер тілейміз!