Республикалық олимпиадаға жолдама

26 ақпан күні Дене тәрбиесі және спорт факультетінің «Психология және дефектология» кафедрасында «Дефектология» мамандығының студенттері арасында іріктеу олимпиадасы болып өтті. Жеңімпаз команда Қарағанды қаласында өтетін студенттердің Республикалық пәндік олимпиадасында кафедра абыройын қорғауға баратын болады. Олимпиада бірнеше кезеңдерден тұрды. Кафедра аға оқытушысы, педагогика магистрі С.Калыбекова ұйымдастырған олимпиадада болашақ дефектолог 1,2 және 3 курс студенттері өздерінің интеллектуалдық және шығармашылық мүмкіндіктерін көрсете білді. Іс-шараға «Психология және дефектология» кафедрасының меңгерушісі, психология ғылымдарының докторы, профессор Г.Лекерова және оқытушылар мен студенттер қатысты. Іріктеу олимпиадасы студенттердің дайындығының жоғары дәрежеде екендігін байқатты. Біздің студенттердің Қарағанды қаласынан жеңіспен оралуына тілектестік білдіреміз!