Республикалық олимпиададағы жеңіс!

29-31 наурыз күндері Алматы қаласында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткізілген Республикалық пәндік олимпиадада «Психология және дефектология» кафедрасының студенттер командасы Қазақстанның 17 қаласынан келген жоғары оқу орындарының командалары арасынан жүлделі 2 орынға ие болды. Команда жетекшісі кафедраның аға оқытушысы Г.Айтжанова. Біздің студенттер олимпиада барысында өздерінің теориялық білімдерінің жоғары деңгейін, тәжірибелік машықтары мен шығармашылық идеяларын көрсете білді. Біз кафедрамыздың студенттерін 2 орын алуымен құттықтай отырып алдағы уақытта тек жарқын жеңісер тілейміз!