Республикалық оқу әдістемелік Кеңес отырысы.

"Бастапқы әскери дайындық" мамандығы бойынша осы оқу жылы Республикалық оқу әдістемелік Кеңес М.Әуезов атындағы ОҚМУ-не беріліп, қараша айының соңында жылына 2 рет өтетін отырыстың біріншісі өткізілді. РОӘК-ке төраға етіп профессор А.А.Жолдасбеков тағайындалды. Бұл отырысқа Қарағанды, Алматы, Қызылорда, Түркістан, Шымкент қалаларындағы ЖОО-ның Бастапқы әскери дайындық бойынша профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Нәтижеде, осы сала мамандарын даярлаудағы өзекті мәселелер талқыланды.