Психологиялық орталықтың жұмысы

«Психология және дефектология» кафедрасында аға оқытушы, педагогика және психология магистрі Г.Т.Айтжанова жетекшілік жасайтын психологиялық кеңес беру орталығы қызмет атқаруда. Г.Т.Айтжанова түрлі мекемелер мен кафедрадағы оқытушылар және студенттер арасында психологиялық тренингтерді жүргізу барысында алған көптеген сертификаттар мен грамоталардың иегері. Жуырда орталық қызметінің аясында Г.Айтжанова Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» әскери өңірлік қолбасшылығының оқу-әдістемелік жиынында психологиялық тренинг пен кеңес беруді өткізді. Жұмыс қорытындысы бойынша Г.Айтжанованы «Оңтүстік» әскери өңірлік қолбасшылығының басшылығы атынан 6506 әскери бөлімнің командирі, полковник  Ж.Көлбаев алғыс хатпен марапаттады. Сонымен бірге аталған әскери бөлімде кафедраның студенттері өндірістік іс-тәжірибеден сәтті өтуде.