Психологиялық көмек көрсету орталығының ашылуы!

        Дене тәрбиесі және спорт факультетінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дағы психологиялық көмек көрсету бойынша жаңа Орталықтың ашылуы болды. ПО-ң құрылу мақсаты университеттің білім беру үдерісін ұйымдастыру үшін әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау болып табылады. Орталықтың жетекшісі болып «Психология және дефектология» кафедрасының аға оқытушысы, ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері, арт-терапевт Г.Айтжанова тағайындалды. Орталықтың салтанатты ашылуына ОҚМУ-дің бірінші проректоры, т.ғ.д., профессор Ж.Т.Айменов, Дене тәрбиесі және спорт факультетінің деканы, п.ғ.д., профессор А.А.Жолдасбеков, «Психология және дефектология» кафедрасының меңгерушісі, пс.ғ.д., профессор Г.Ж.Лекерова, Тәрбие жұмысы және жастар саясаты бойынша департаментінің директоры Е.Р.Байқонысов, сондай-ақ оқытушылар мен студенттер қатысты.