Пәндік психологиялық олимпиада

6 қараша күні акт залында «Педагогика және психология» мамандықтарының студенттері үшін Республикалық пәндік олимпиадаға іріктеу туры өткізілді. «Психология және дефектология» кафедрасының аға оқытушысы Г.Айтжанованың ұйымдастыруымен болған олимпиада бірнеше кезеңнен тұрып, өту барысында 2 және 3 курс студенттері өздерінің білімдері мен шығармашылық мүмкіндіктерін көрсете білді. 1 орынды «Шабыт» (ФК 14-3к2 тобы) командасы иеленді, 2 орын «Мейірім» командасы (ФК14-3к1 тобы) және «Фрейд» командаларына (ФК-14 3к3 тобы) берілді. 3 орынды «Харизма» және «Үміт» командалары алды. Жеңімпаздар грамоталармен марапатталды, сонымен бірге іс шарада кафедраның бітіруші белсенді студенттеріне арт-терапия бойынша курстан өткені туралы куәліктер табысталды. Пәндік олимпиаданың келесі туры Алматы қаласында, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де наурыз айында өткізіледі.