Өзгерістер - мүмкіндіктерге жол ашады.

24.10.2018 ж. күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің 7-ғимараты акт залында "Дене тәрбиесі және спорт" факультетінің шетел студенттерімен "Өзгерістер-мүмкіндіктерге жол ашады" тақырыбында семинар - тренинг өтті. Семинар қонақтары "Студенттерге психологиялық көмек көрсету" орталығының маманы Ж.А.Төлеген, "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің маманы Е.Бекбосынов "Заңгер кеңесі" тақырыбында баяндама жасап, факультеттің шетел студенттеріне ҚР Конституциясын таныстырып өтті.