Өндірістік іс-тәжірибе конференциясы

«Психология және дефектология» кафедрасында «Педагогика және психология» және «Дефектология» мамандықтары 4 курс студенттерінің өндірістік іс-тәжірибелері бойынша қорытынды конференция болып өтті. Екі ай уақыт шамасында болған іс-тәжірибе барысында студент-практиканттар өздерінің теориялық білімдерін тәжірибелік жұмыстармен ұштастыра білді. Конференция соңынан студенттерге мектеп әкімшілігі тарапынан белсенді қатысқандары үшін алғыс хатпен марапатталды.