Олимпиадада 2 орын

7-8 сәуір күндері Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің базасында 5В010500 - «Дефектология» мамандығы бойынша ҮІІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізілді. Оған М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Психология және дефектология» кафедрасының студенттер командасы қатысып жүлделі 2-орынға ие болды. Бұл интеллектуалдық жарысқа Қазақстанның 10 қаласынан 13 команда қатысқан болатын. Біздің студенттер өз мамандықтары бойынша теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын жан-жақты көрсете білді. «Ключ к успеху»командасы дипломен марапатталды. Команда жетекшісі, кафедраның аға оқытушысы С.Қалыбекова. Біз жеңімпаздарды құттықтай отырып алдағы уақытта да үлкен жетістіктер тілейміз!