Оқу-әдістемелік жұмыстар

Оқу жылы барысында кафедрада барлық оқу-әдістемелік жұмыстары қазіргі заманғы ЖОО білімін жетілдіру бағытында жүргізіледі, яғни әрбір студенттің таңдаған мамандығын есепке ала отырып олардың жеке мүмкіншіліктерін барынша ашу арқылы іске асыруға бағыталады. Оқу-әдістемелік әдебиеттерді шығару  жоспарда кафедрада атқарылған істерге тоқталар болсақ дене тәрбиесі пәні бойынша әдістемелік жұмыстары жоспары жасалып оқу үрдісінде қолданылады. Оқу үрдісі барысындағы бақылау, қортынды бақылаулар рейтингтік жүйе арқылы студенттердің үлгерімі анықталады.
Кредиттік технологияға сәйкес есепке ала отырып және дене тәрбиесі туралы жоғары оқу орындарына арналған жинақталған оқу  ережесі негізінде құрылған.
Кафедрада типтік бағдарламаға байланысты «дене тәрбиесінен» жұмыс оқу бағдарламасы бар.  Жұмыс бағдарламалары кафедраның отырысында талқыланып хаттама  бойынша факультеттің әдістемелік комиссиясымен мақұлданып, университеттің оқу ісі жөніндегі проректорымен бекітіледі.
Кафедра оқытушылары оқу жылының басында келесі бөлім бойынша жеке жоспар жасайды: оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми-тәжірибелік, тәрбиелік, ұйымдық-әдістемелік, кәсіби бағдар беру және біліктілікті жоғарылату жұмысы. Жоспарланған жұмыстың орындалуы жеке жоспардың белгілі бір бөлімінде белгіленіп отырады және кафедра мәжілісінде қарастырылады.     Студенттердің жұмыс істеу қабілетінің  көрсеткіштерін  білу үшін  Купер шамасы қолданылады. Осы зерттеу  көрсеткіші бойынша студенттердің  жұмыс  істеу  қабілетін, денсаулықтардың  ауытқуларын, жүрек – қан  тамырлары, дем алу жүйелерінің  жағдайын біліп, дене – шынықтыру жаттығуларының  қысымын жеке    бірқалыпты бақылап отыруға болады.
Жеке және тәжрибе сабақтарының мазмұны  бірыңғай жұмыс ережесіне  сәйкестендірілген.
Университеттің  кітапхана қоры дене шынықтыру және спортқа   бағытталған,  салауатты өмір сүру салты, дәрігерлік  дене шынықтыру,  кәсіптік қолтаңбалы дене шынықтыру дайындығы бойынша әртүрлі спорт түрлеріне арналған       оқулықтар саны мемлекеттік және орыс тілінде  жазылған.
Кафедра оқытушылары  тәжірибе   сабағында қазақшаның алдыңғы қатарлы мамандарының еңбектеріндегі талдамаларының әр түрлі  шарт түрлеріндегі жаңа құралдармен  әдістерін қолданып оқу үйрену жұмысын жоғары деңгейге көтереді.
- Дене шынықтыру  сапаларын нығайту   (айналмалы жаттығу әдісімен: күштілік,  шыдамдылық, ептілік, жылдамдық)
- «Президенттік сынамаларын» тапсырудағы дайындық әсерін бақылау мақсатындағы студенттердің дене шынықтыру  дайындығының түрлерін талдау.
Осы жұмыс ережесінің бөліміне оқу жүйесіне құжаттар жиынтығы (кейс) белсенді оқу – үйретудің бірден – бір  әдісі болып саналатын дене шынықтыру  саласындағы жалпы денсаулық сақтаудағы көрсеркіштерді  көтеруге  бағытталған талдаулар жасалып, оны кафедраның  оқу- жаттығу жұмыстарына енгізіледі.