ОҚМУ фонтан қасында 1-қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты мерекелік іс шара өтті.

Іс-шараға қонақтар шақырылып, оның ішінде Олимпиада қатысушыларына, ОҚМУ мақтанышы, Рио-де-Жанейро-2016 Олимпиада ойыны қатысушыларына аса назар аударылды.

Мерекелік жағдайда халықаралық деңгейдегі спорт шеберлеріне оқуға гранттар табысталды, соның ішінде көркем гимнастика бойынша спорт шебері Сабина Аширбаева және Селина Жуматаеваға, халықаралық деңгейдегі бокс бойынша спорт шебері Қайрат Ералиев университеттің мерейтойлық медалімен марапатталды.

Біздің Олимпиадашыларға алдағы уақытта әлем аренасында жарқын, есте қаларлық жеңістер тілейміз!