№ 14 секция жұмысы

14-15 сәуір күндері Дене тәрбиесі және спорт факультетінде «Әуезов оқулары- 14: «Жаңа жаһандық ахуалдағы Қазақстанның білім мен ғылымдағы инновациялық әлеуеті» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының №14 «Бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудағы спорттық-сауықтыру аспектілері»  секциясының отырысы өтті. Секция модераторы - п.ғ.д., профессор З.Қабылбекова, хатшы -  оқытушы А.Сарипбекова болды, конференция мәжілісіне факультет деканы п.ғ.д., профессор А.Жолдасбеков, «Психология және дефектология» кафедрасының меңгерушісі, пс.ғ.д., профессор Г.Лекерова, факультет оқытушылары мен студенттер қатысты. Ұсынылған баяндамалар өзекті бола отырып тыңдаушылардың қызығушылығын туғызды. Аталған секция жұмысының қатысушылары сертификаттармен марапатталды.