М.Әуезов тындағы ОҚМУ-де студент жастармен 4-дүркін әлем чемпионы және 2- дүркін олимпияда чемпионы Илья Ильинамен кездесу өтті!!!

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де 25-ші ақпанда сағат 11-00- де Шымкент қаласының оқу орнындағы ауыр аттлетика бойынша командамен кездесу болды. Қонақтар университет тарихымен, ғылыми дәрежесімен танысып, университет музейі мен оқу аудиторияларын аралады.  Осы ұйымдастырудан кейін қонақтар конференция залында университеттің белсенді студенттері мен  жаттықтырушы-мұғалімдерін және студенттерін күтіп отырды. Кездесудің соз басын  М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң бірінші проректоры, профессор Ж.Т. Айменов және  ОШ және АТ жөніндегі проректоры К. Байболов, спорт клубына жауапты университет профессоры Ю.А.Таиров  сонымен қатар студенттер де сөйледі.

 Ауыр аттлетика командасының аға тренері Ержас Болтаев баяндама оқыды. ҚР ауыр аттлетика бойынша барлық командаларды таныстырып өтті.

Команданың Олипиядалық ойындары -2016 ( Бразилия) бойынша дайындық жоспары жайында айтып өтті. Команда мүшелері, әлем чемпионы  2014   Жасулан Кадырбаев және әлем чемпионатының  коп дүркін сыйлық иегері В.Седов сөйледі. Кездксуге журналистер де қатысты. Кездесу соңында қонақтарға юбелей кітаптары, буклеттер және естелік сыйлықтарын табыстады.