М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің студенті Жанбота Алдаберенова Европа кубогында фристайл бойынша екі рет жеңіске қол жеткізді

Финляндияның Руко курорттық қалашығында 2015- жылдың 5-6 желтоқсан жұлдызында фристайл  шаңғы акробатикасы бойынша Европа кубогы болып өтті.

Шаңғы акробатикасының қорытындысы бойынша бірінші орынға австрия спорт шебері Даниэлла Скотт ие болды (168, 91). Екінші орынға Қазақстан спорт шебері,  М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің 2-курс студенті Жанбота Алдабергенова(156, 76), ал үшінші орынға украиналық спорт шебері Ольга Полюк (155, 61) ие болды.

Айтып өткен жөн, Жанбота екі рет подиум шыңына шықты, бірінші күні қола медалын, ал жарыстың келесі күні қатаң күресте өзінің нәтижелерін жақсартып, екінші орынға ие болды.