М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың студенті Бейсеев Нұрлыбек жоғарғы оқу орындары арасында өткен қысқы Универсиадада спорттың Шорт-трек түрінен чемпион атанды.

Ақпан айының 2-12 жұлдыздары аралығында Алматы қаласында ЖОО студенттер спорттың қысқы түрлерінен VI Универсиада өткізілді. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың студенті Бейсеев Нұрлыбек спорттың Шорт-трек түрінен 1000 мерт және 1500 метр қашықтық бойынша Универсиадада чемпион атанды.

Эстафеталық жарыста М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың студенттерінен ұлдар 5000 метрлік қашықтықта 2-орын, қыздар командасы 3000 метрлік қашықтықта 3-орын иеленді.

Жалпы командалық есепте шорт-тректен ОҚМУ құрама командасы 3-орын иеленді. Бұл жарысқа 35 ЖОО студенттері қатысты.