М.Әуезов атындағы ОҚМУ- дың «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің студенттері арасында 16.09.15 ж «Жастардан жылулық» атты Шымкент қаласы бойынша іс-шара өткізді.

«Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің студенттік деканы Төлеген Жандаулеттің айтуы бойынша ,бұл- қайырымдылық жасау мақсатында ұйымдастырылып отырған іс- шара.

Іс- шарада қала тұрғындары, қаладағы басқа да оқу орындарының студенттері қонақ болып келді.Іс-шараға облыс әкімшілігінің жастар саясаты жөніндегі қызметкерлері де қатысты. Бұл шараның қала деңгейінде өтуіне себеп жастардың қазіргі кездегі блогерді белсенді пайдалануы  болды.