М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Дене шынықтыру және спорт» факультеті ФК-12-1р тобының студенті Алимхан Сыздыков мемлекетіміз үшін қола медалін жеңіп алды

Ағымдағы жылдың 30-31 қаңтар күндері Түркия астанасы Стамбул қаласында грек-рим күресінен халықаралық турнир өтті. Бұл турнир «Вехби Эмре және Хамит Каплан» атындағы Гран-при ретінде танымал. Жарыстарда 8 (59, 66, 71, 75, 80, 85, 98, 130)  салмақ дәрежесінде 13 елден 300-ге жуық спортшы қатысты.

34-ші турнир біздің спортшылар үшін сәтті өтті және біздің отандастарымыз ұлттық құрамамыздың қоржынына жаңа медаль қосты.

Алғашқы күннің өзінде-ақ біздің студентіміз, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сыздыков Алимхан 98 кг салмақта қола медалін жеңіп алды.