Мейірімділік шарасы

19.09.2015ж. «Психология және дефектология» кафедрасының белсенді студенттері факультет белсенділерінің құрамында қайырымдылық акциясы аясында Шымкент қаласындағы балалар үйіне барып келді. Қайырымдылық іс-шара барысында балалар үшін үлкен мереке ретінде концерт қойылып, қызықты ойындар мен байқаулар өткізілді. Балалар үйінің тәрбиеленушілерге бұл іс-шара үлкен шаттық, жарқын күлкі, жылы шырайлы сәттер сыйлады. Соңында студенттер балаларға сыйлықтар табыстады.