Мелдебек Данияр 1-орын алды!

2018 жыл мамыр айының 19-21 жұлдызы аралығында Американың Нью-Йорк қаласында "Journeymen International Camp-2018" халықаралық турнирі өтті. Турнир спорттың еркін күрес түрі бойынша ұйымдастырылды. Турнирде М.Әуезов атындағы ОҚМУ, "Дене тәрбиесі және спорт" факультетінің студенті Мелдебек Данияр 82 кг салмақта сәтті өнер көрсетіп, 1-орын иегері алтын медаль жеңіп алды.

Жеңіс құтты болсын, Данияр!